Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей ұлттық кітапханасында қазақ қоғам қайраткері, ғылым лингвист Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және атақты жазушы, академик Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған кітап көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Көрме Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы, Ресей ұлттық кітапханасы және жергілікті қазақ диаспорасының бірлескен бастамасымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға кітапхана басшылығы, қаланың қоғам қайраткерлері, Санкт-Петербург қаласында тұратын қазақ және басқа диаспоралардың өкілдері, сондай-ақ Санкт-Петербург қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Көрмеге 100-ден астам әртүрлі бірегей экспозициялар қойылды, атап айтқанда, А.Байтұрсыновтың «Qazaq» газетінің 1913 жылғы 2 ақпандағы бағдарламалық мақаласының түпнұсқасының бірінші басылымы, 1929 жылы шығарылғын М. Әуезовтің қазақ балаларына арналған «Жаңа ауыл» атты орысша әліппесі.
Көрмеге қатысушылар аталған іс-шараның Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.
Көрменің нәтижесінде 2022 жылдың қыркүйегінде М. Әуезовтың толық шығармаларының ауқымды көрмесін ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, ол Қазақстанның мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік береді.