ЕО Ресейдің мұздатылған активтерін қорғанысқа жұмсауды ұсынды. Бұл туралы Испанияның экономика министрі Карлос Куэрпо мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Еуропалық одақ Ресей Орталық банкінің бұғатталған шамамен 200 млрд еуро активтерін жаңа қорғаныс қорын құруға және Украинаға көмек ретінде пайдалануды көздеп отыр.
Оның айтуынша, Украина мен шығыс шекарадағы елдерді қолдау – еуропалық ынтымақтастық үшін маңызды. Министр бұл қаражатты Еуропаның қорғанысын күшейтуге және экономикалық қауіпсіздігін арттыруға бағыттауға шақырды.
Жоба аясында қаражаттың бір бөлігі Украинаға қайтарымсыз грант ретінде берілмек.