Ресейден Қазақстанға сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелуге тырысқандар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 бұзушылық анықталды.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты.
Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.