Ресейден Кубаға бағыт алған ұшақ апатты жағдайда басқа бағытқа қонуға тура келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Aviaincident телеграм-арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, ұшақтың шұғыл қонуына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған.
Мәскеу – Кайо-Коко (Куба) рейсімен ұшып шыққан Nordwind әуе компаниясының ұшағы қозғалтқыштың істен шығуы себепті Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайына қонуға мәжбүр болды, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Нью-Йорктен шыққан ұшақ Римге шұғыл қонғаны туралы жазған болатынбыз.