Ресейден ет пен сүт өнімдерін енгізу уақытша шектелді

16 Қаңтар 2019, 11:53
1818
Бөлісу:
Ресейден ет пен сүт өнімдерін енгізу уақытша шектелді

Астана, BAQ.KZ. Елімізге Ресей Федерациясының Приморский өлкесінен ет, сүт тасымалдауға уақытша шектеулер енгізілді, деп мәлімдеді АШМ баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық эпизоотиялық бюросының ресми нотификациясы негізінде 2019 жылғы 14 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының Приморский өлкесі аумағынан аусылға бейім жануарларды, сиыр етін, шошқа етін, қой етін, сүт және сүт өнімдерін, жылулық өндеуден өткен дайын өнімдерді қосқанда, бейім жануарлар союдан алынған тағамға қолданылмайтын шикізаттар мен бұйымдарын, аусылға бейім малдарды ұстауға, союға және өңдеуге қолданылған жабдықтарын, жануарларға арналған азықтар мен азықтық қоспаларын кіргізуіне уақытша шектеулер енгізеді», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы