Ресейдегі шабуылдардан қазақстандықтар зардап шекті ме? Министр жауап берді

Сыртқы істер министрінің айтуынша, Ресейде жүрген қазақстандықтар арасында қауіпсіздік мәселесі кеңінен талқыланып жатыр.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 13:35
Бүгiн 2026, 13:35
153
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі қазақстандықтардың қауіпсіздігі туралы пікір білдірді. Сенаттың кулуарында журналистер Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтан Ресейде жүрген Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған Мәскеу мен Ресейдің бірнеше өңірінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдарына байланысты қалыптасқан жағдай себеп болған. 

Министрдің айтуынша, қазір Мәскеуде шамамен 10 мыңға жуық қазақстандық бар. Дегенмен олардың қауіпсіздігіне қатысты нақты мәлімет әзірге жоқ.

Менің ойымша, жергілікті билік ұсынып отырған қауіпсіздік ережелерін сақтаған жағдайда адамдар өздерін қауіп-қатерден қорғай алады. Украинаға қатысты да билік тарапынан белгілі бір сақтық шараларын сақтау қажеттігі жөнінде ескертулер жасалғанын білеміз. Сонымен қатар Ресейде жүрген қазақстандықтардың өзара байланыс топтарында бұл мәселе қызу талқыланып жатыр. Көпшілік сол ұсыныстарды орындауға тырысады, – деді сыртқы саяси ведомство басшысы. 

Еске салайық, бұған дейін сенаторлар дабыл қағып, бюджеттен 648 млрд теңге тиімсіз жұмсалғанын айтты

 

Наверх