Ресейдегі қазақстандықтар референдумға қатысады

26 Мамыр 2022, 22:45
1563
Бөлісу:
Ресейдегі қазақстандықтар референдумға қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде қазақстандық дипломаттармен кездесіп, алдағы референдум мәселелерін талқылады.

Депутат кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол осы түзетулер қазіргі ахуалды елеулі түрде өзгертетіні туралы хабардар етті.

Конституциялық сотты қайта құру әділетті және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам болады, бақылау жүйесін, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды институттық тұрғыда күшейтеді. Сонымен қатар, депутаттар сайлауына тек саяси партиялар ұсынған адамдар ғана емес, өзін-өзі ұсынушылар да түсе алады, - деді депутат.

Ресейдегі Қазақстан елшілігінің өкілі Александр Синяговский өз кезегінде референдум өткізуге дайындық аясында дипломаттар Ресей аумағында жүрген Қазақстан азаматтарының референдумға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасап жатқанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы