Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің 28 қаласында, соның ішінде қаһарман қалалары мен әскери округтер, армия және армия корпустары, флоттары орналасқан қалаларда Жеңістің 75 жылдығы құрметіне парад өтіп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Оқи отырыңыз:
Мәскеуге Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін шетел мемлекеттерінің көшбасшылары келіп жатыр. Ресей астанасына Абхазия президенті Аслан Бжания, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Молдавия президенті Игорь Додон, Сербия президенті Александр Вучич, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Беларусь президенті Александр Лукашенко жиналды, сондай-ақ, Босния мен Герцеговина Президиумының сербиялық мүшесі Милорад Додик, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Оңтүстік Осетия президенті Анатолий Бибиловтің келуі күтілуде.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.