Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Свердлов облысындағы Талица қаласының тұрғыны туған сәбиді кір жууғыш мәшинемен жуды. Бұл туралы Регион Онлайн порталы жазады.
Порталдың хабарлауынша, әйел күйеуімен үш баланы тәрбилеп отыр. Ол төртінші жүктілігінде есепке тіркелмеген. Түн ішінде аяқ астынан толғағы келіп қалған. Ол кезде үйдегілер ұйықтап жатқан.
Таңертең күйеуі оянғанда болған жағдайды көргенде полицияға хабарласқан, - деді порталға мәлімдеген адам. Босанған әйел бала туылғанда өлі туылды деп отыр.
Көршілерінің айтуынша, әйел шаштаразда жұмыс істейді.
Өзім таңғалып отырмын. Есі дұрыс, ешқандай ауытқулары жоқ әйел болатын. Үйлеріміздің арасында бір үй бар. Көрген кезде үнемі амандасатын, - деді жергілікті тұрғын.Қазір криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сарапшылар баланың дүниеге келгенде тірі не өлі болғанын анықтау керек.