Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Хабаровск өлкесіндегі Калинка аэродромында Як-18 ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.
Өлке үкіметі қаза болған адамның бірінің тегі Ланкин екенін мәлімдеді. Екеуі де хабаровск тумалары.Әуе апаты жергілікті уақытпен 16:00 шамасында (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13:00). Оқиға орнына құтқарушылар мен криминалистер келді. «Әуе кемесін пайдалануда екі адамның өліміне әкелген қауіпсіздік ережелерін сақтамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеушілер апаттың неден болуы мүмкін екенін қарастырып жатыр. Олар әзірге ұшуды басқаруда қателік, кеменің техникалық ақаулығы, ауа-райының қолайсыз болуы секілді үш нұсқаны ұсынды.