Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясында тәулігіне 19 мыңға жуық инфекция жұқтыру дерегі анықталды.
Тіркелген фактілер саны 18 780 адамды құрады және 796 адам қайтыс болды, деп хабарлады COVID-19 таралуына қарсы жедел штаб.
Жалпы пандемия кезінде Ресейде коронавирус инфекциясының 6 933 954 дерегі тіркелді, 186 407 адам қайтыс болды.
Ресейде коронавирус жұқтырғандардың ең көп саны - Мәскеуде, Мәскеу облысында және Санкт-Петербургте орын алды.
Аурудың таралу динамикасы тұрғысынан ең тұрақты төрт аймақ - Краснодар өлкесі, Шешенстан, Ингушетия және Ленинград облысы болып қала береді.