Ресейде қалың қардан төтенше жағдай жарияланды

Ресейдің қиыр шығысында қалың қар түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.

28 Қараша 2024 2024, 11:18
АВТОР
 BAQ.KZ  архив 28 Қараша 2024 2024, 11:18
28 Қараша 2024 2024, 11:18
618
Фото: архив

Ресейдің қиыр шығысында қалың қар түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Осыған байланысты Благовещенск қаласында төтенше жағдай жарияланған. Коммуналдық қызмет табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шықты. Оларға мемлекеттік қызметкерлер, тұрғындар, студенттер мен еріктілер көмекке келген. 

Ақ ұлпа кейінгі 3 күн бойы тоқтамай жауды. Жергілікті метеорологтардың мәліметі бойынша қардың мұншама қалың жаууы 97 жылда алғаш рет болып тұр. Благовещенск билігі әуежайдағы рейстерді кейінге шегеріп, қалааралық автобустарды тоқтатты.

Наверх