Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен күрес әлемі (UWW) күрес түрлерінен 2022 жылы Ресейде өтуі тиіс әлем чемпионатын Сербияның Белград қаласына ауыстырды. Мұндай шешім қабылдауға Спорттық Арбитражды соттың (CAS) ұйғарымымен Ресейдің екі жыл бойы ірі жарыстарды қабылдай алмайтыны себеп болған деп жазады Olympic.kz.
Сондай-ақ, жағажайдағы күрестен әлем кубогі кезеңі де Ресейде өткізілмейді. Әзірге турнирді қабылдайтын қала нақтылану үстінде. Сербияның Белград қаласында 2023 жылғы әлем чемпионаты өтуі тиіс болған. Алайда, қазіргі жағдайға байланысты Белград Красноряк қаласының орнына чемпионатты қабылдайды. Ал 2023 жылғы дода қайтадан Ресейге ауысады.
Біз CAS шешімі мен WADA ұстанымын сыйлаймыз, сол себепті, жарысты өткізу кестесін қайта қарадық, - дейді UWW президенті Ненад Лалович.
Айта кетелік, 2023 жылғы әлем чемпионатында 2024 жылғы Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады.