Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде оқушылар жаппай жұмыс іздеуге кірісті. Жұмысқа тұру әр екінші жоғарғы сынып оқушысының жоспарында бар. Lenta.ru сайты MAXIMUM Education кампаниясының жүргізген сауалнамасының қорытындысын жариялады.
Жұмыс іздеушілердің 53%-ы табыс көзін өздігінен табуды жоспарласа, 38%-ы ата-анасы мен таныстарының көмегімен жұмысқа орналасқысы келеді. Ал 9%-ы еңбек биржасын пайдаланбақшы.
Жасөспірімдердің басым бөлігі (58%) жазғы демалыста өз қалаларында қалады. Ал әрбір бесінші адам демалысын өзге аймақтарда өткізсе, 15%-ы ауыл-аймақта, 6%-ы жазғы лагерьлерге барады. Олардың 40%-ы спорттық лагерьлерге барса, 60%-ы ауылдық лагерьлерде болады.
Респонденттердің 60%-ы демалыста демалу маңызды екендігін алға тартты. Әр алтыншы студент бос уақытын тиімді пайдаланып, оқуға арнаған жөн дейді. Ал 17%-ы теңізге барып, саяхаттағысы келетіндігін, 7%-ы демалыста жанұясының жанында болатынын айтқан.
2022 жылдың 17-20 мамыр аралығында, 10-11-сынып оқушыларынан e-mail сауалнама алынып, зерттеу жүргізілді. Сауалнамаға Ресейдің барлық өңірінен 2000-ға жуық оқушы қатысты.
2021 жылдың қараша айымен салыстырғанда өз бетімен жұмыс жасағысы келген оқушылардың саны аз болған. Сауалнама қорытындысына сәйкес өткен жылдың 30 қарашасында әрбір төртінші оқушы ғана жұмыс істеп, өз-өзін қаржылай қамтамасыз етуге талпынды.
Раушан НҰРҒАЛИЕВА