Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей президент Владимир Путин мамырдағы мерекелер арасындағы жұмыс күндерін демалыс қылу ұсынысына келісті, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқи отырыңыз:
Бұл идеяны Роспотребнадзор басшысы Анна Попова ұсынған болатын. Оның айтуынша, бұл қазіргі эпидемиологиялық жағдайда дұрыс шешім. Путин оған жауап ретінде мамандардың, әсіресе соңғы жылы COVID-19-бен күресетіндердің пікірін тыңдау керегін атап өтті.
Сіздер бұл қажет деп ойласаңыздар, жарайды, солай жасаймыз, бүгін тиісті жарлыққа қол қоямын, - деді ол.Еске салайық, қазақстандықтар мамырда мерекеге орай 1-3 мамыр аралығында демалады, содан кейін үш жұмыс күнінен соң 7-10 мамыр аралығында тағы да демалыс болады.