Ресейде магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі болды

 unsplash.com 24 Қазан 2026, 09:21
24 Қазан 2026, 09:21
117
Фото: unsplash.com

Ресей аумағында магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, жерасты дүмпулері 2026 жылғы 24 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 03:24-те (Гринвич уақыты бойынша 23 қазан сағат 22:24-те) тіркелген.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 54,45 градус, шығыс бойлық бойынша 86,02 градус. Магнитудасы — mb=5. Энергетикалық класы — K=13. Ошақтың тереңдігі — 10 км.

Наверх