Ресейде мұғалімдерге қар тазалатқан шенеунік қызметінен қуылды

<h3>Астана, BAQ.KZ тілшісі. Саратов қаласында Октябрь ауданы білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы қалалық мэрияның сайтында жарияланды.</h3>

28 Қаңтар 2019 2019, 14:57
 28 Қаңтар 2019 2019, 14:57
28 Қаңтар 2019 2019, 14:57
3196

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Саратов қаласында Октябрь ауданы білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы қалалық мэрияның сайтында жарияланды.

Басшы аязды күні аула сыпырушыларға көмектесу үшін қаладағы №95 мектептің ұстаздарын жіберген.

Тексерістен кейін білім бөлімінің басшысы мен аталған мектептің директорына сөгіс жарияланды.

Осыған дейін Саратов мэриясы 24-қаңтар күні сенбілік аясында.

№95 мектептің ұстаздары қар тазалағанын жариялаған.

Шаһар билігі ауа райының қолайсыздығынан жергілікті білім ордаларында сабақ болмайтынына қарамастан мұғалімдер жұмыс істей беретінін мәлімдеген.

«Комсомольская правда» басылымының хабарлауынша, 24-қаңтарда Саратов қаласында қалың қар жауып, аула сыпырушылар оны тазалап үлгермеген. Кейін қалалық білім басқармасы мектеп аумағындағы қарды мұғалімдер тазалайды деп шешім шығарған.


Фото: novostivoronezha.ru
Наверх