Ресейде күшті жер сілкінісі тіркелді

Камчатканың (Ресей) шығыс жағалауында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ашық дереккөз 27 Ақпан 2025 2025, 06:29
27 Ақпан 2025 2025, 06:29
10665
Фото: ашық дереккөз

Камчатканың (Ресей) шығыс жағалауында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы хабарлады. Бұл мәлімет бойынша, апат ошағы Никольское ауылынан шығысқа қарай 95 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісінің ошағы 64 шақырым тереңдікте орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ, цунами қаупі төнген жоқ.

Бұған дейін Оңтүстік Курил аралдарының жағалауында айтарлықтай жер сілкінісі тіркелді.

Наверх