Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының 85 аймағында коронавирус инфекциясын жұқтырудың ондаған мың жағдайы анықталды. Өткен тәулікте 30 288 адамда инфекция расталды, деп хабарлады инфекциямен күрес жөніндегі жедел штаб.
Жұқтырғандардың 8% - ында аурудың клиникалық белгілері байқалған жоқ. Ауру салдарынан 1 171 науқас көз жұмды, - делінген штаб хабарламасында.
Жаңа жағдайлардың ең көп саны Мәскеуде анықталды – 3 140, Санкт-Петербургте – 2 045 және Мәскеу облысында – 1 833. Жалпы, пандемия басталғаннан бері Ресейде COVID-19 жұқтырудың 9 986 967 фактісі тіркелді.
Франция covid-19 пандемиясының бесінші толқынын өткеруде, - деді Премьер-министр Жан Кастекс. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызылғандардың саны осы аптаның соңында жылдам қарқынмен өсіп жатқанын мәлімдеді. COVID-19 пациенттерінің күнделікті өсу көрсеткіші 61 340 құрады және бұл жаңа антирекорд.
Қазіргі уақытта Францияда 52 189 810 адам немесе халықтың 77,3% - ы вакцинаның бір компонентімен егілді, иммундаудың толық курсынан өткендер саны 47 742 082, бұл тұрғындардың 70,7 % құрайды. Ревакцинация аясында 11 529 364 екпе жасалды.