Ресейде Facebook пен Twitter бұғатталды

5 Наурыз 2022, 11:28
1497
Бөлісу:
Ресейде Facebook пен Twitter бұғатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Роскомнадзор Ресей аумағында Meta компаниясына тиесілі Facebook пен Twitter әлеуметтік желілерін бұғаттады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне хабарлады.

Ведомство берген ақпаратының мәліметінше, 2020 жылдың қазанынан бастап ресейлік БАҚ пен ақпараттық ресурстарды әлеуметтік желі тарапынан кемсітудің 26 жағдайы тіркелген. 

2022 жылдың 4 наурызы күні Ресей Федерациясының аумағында Facebook әлеуметтік желісін (Meta Platforms, Inc. компаниясының иелігінде) блоктау туралы шешім қабылданды, - делінген ведомство хабарламасында. 

Сонымен қатар Ресейде Twitter әлеуметтік желісінің жұмысы тоқтатылды. Роскомнадзор қызметінің ақпараты бойынша, Twitter шектеу Ресейдің федералдық заңының «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» 15.3-бабының негізінде қойылды.

Өзгелердің жаңалығы