Ресейде депутаттыққа үміткер сайлау учаскесіне келді және қайтыс болды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Волгоградта РФКП мүшесі облыстың дума депутаттығына үміткер Вадим Чистяков сайлау учаскелерінің біріне келіп, сайлау барысын тексермек болады. Кейін жүрегі ауырып, қайтыс болады. Бұл туралы Лента.ру «Блокнот Волгоград» басылымына сілтеме жасап хабарлады.</h4>

8 Қыркүйек 2019 2019, 16:52
АВТОР
 8 Қыркүйек 2019 2019, 16:52
8 Қыркүйек 2019 2019, 16:52
2246

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Волгоградта РФКП мүшесі облыстың дума депутаттығына үміткер Вадим Чистяков сайлау учаскелерінің біріне келіп, сайлау барысын тексермек болады. Кейін жүрегі ауырып, қайтыс болады. Бұл туралы Лента.ру «Блокнот Волгоград» басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Чистяковтың қайтыс болғанын оның сайлауалды штатының бастығы Михаил Таранцов растаған.

Басылымның хабарлауынша, 49 жастағы Вадим Чистяков Волгоградтың Краснооктябрь ауданындағы сайлау комиссиясының учаскесінде өзін жайсыз сезінеді. Жедел жәрдем шақырылған, дегенмен үміткерді құтқару мүмкін болмаған.

Полковник Вадим Чистяков Ерлік ордені және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сайлауға РФКП Сталинград облыстық комитеті тарапынан үміткер болған.


Наверх