13 қарашада Карелия Республикасында (Ресей) жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде Су-30 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ТАСС Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Бүгін, Мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат 19:00-де Карелия Республикасында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде Су-30 ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж қаза тапты, - деді министрлік.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ елсіз аймаққа құлап, оқ-дәрісіз ұшып бара жатқан.