Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ресей Украинадағы соғысты жалғастырады – Армия Бас штабының бастығы

31 Тамыз 2025, 06:56
648
Бөлісу:
 РФ видеодан скрин
Фото: РФ видеодан скрин

Ресей Қарулы күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов «арнайы әскери операция жалғасады» деп мәлімдеді. Оның сөзін Ресей Қорғаныс министрлігі жариялап, Герасимов "2025 жылғы көктемгі-жазғы науқанның қорытындысын шығарып, әскер топтарының болашақтағы міндеттерін нақтылағанын" көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Біріккен әскерлер тобының (күштердің) арнайы әскери операциясының тапсырмаларын орындау шабуылдау іс-қимылдарын жүргізу арқылы жалғасады. Бүгін біз күзгі кезеңге арналған бағыттар бойынша әскер топтардың міндеттерін нақтылайтын боламыз, - деді әскери жетекші сенбі күні.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта стратегиялық бастама толығымен ресейлік әскерлердің қолында, ал Украина қарулы күштері «саңылауларды жабуға» мәжбүр.

Украина әскерлерінің жағдайын талдау көрсеткендей, жаудың көктем-жаз айларында үлкен шығынға ұшырай отырып, біздің шабуылды бәсеңдетуге бар күшін жұмылдырған. Осының салдарынан Украина Қарулы Күштері ең жауынгерлік әзірліктегі бөлімшелерді бір дағдарыстық бағыттан екіншісіне "саңылауларды тығындауға" көшіруге мәжбүр, - деді армия генералы.

Бас штаб басшысы 2025 жылдың наурыз айынан бері Ресей әскерлері 149 елді мекен мен 3,5 мың шаршы шақырымнан астам Украина аумағын басып алғанын айтты.

Герасимов Ресей армиясының Луганск облысының 99,7 пайызын және Донецк облысының 79 пайызын, сонымен қатар Запорожье облысының 74 пайызын және Херсон облысының 76 пайызын басып алғанын айтты.

The New York Times басылымының жазуынша, Ресей армиясы 2025 жылдың басынан бері ең үлкен ілгерілеуге маусым айында қол жеткізді. Шілдеде Ресей әскерлері Днепропетровск облысында ілгерілей бастады.

Өзгелердің жаңалығы