Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей-Украина келіссөздерінің екінші кезеңі 2 наурыз күні кешке өтуі мүмкін, деп хабарлады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ресей делегациясы келіссөздердің жаңа раунды өтетін жерде сәрсенбі күні түстен кейін болады. Олар сол уақытта Украина өкілдерімен кездесуге дайын болады, - деді журналистерге РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Сондай-ақ ол ресейлік тарап кешке келіссөздерді жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.
Әзірге келіссөз өтуге қатысты украиндық тараптан ресми ақпарат болған жоқ.