Ресей Словакиядан «Спутник V» вакцинасын қайта сатып алды

3 Шілде 2021, 11:13
4105
Бөлісу:
Ресей Словакиядан «Спутник V» вакцинасын қайта сатып алды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Зузана Элишова Ресей Словакиядан пайдалынылмаған «Спутник V» вакцинасын қайта сатып алғанын хабарлады, деп жазды ria.ru. 


 

 

Оның айтуынша, Ресей Словакиядан вакцинаның 160 мың пайдаланылмаған дозасын сатып алған. Словакия вакцинаның бір дозасын - 9,95 долларға сатқан.

Словакия «Спутник V» вакцинасының бір партиясын наурыз айының басында ел тұрғындарының басым бөлігі басқа вакцина алып үлгерген кезде сатып алған болатын. Нәтижесінде 10,5 мың адам ресейлік вакцинаны еккізген, тағы 8,1 мың адам оның екінші компонентін алуға кезекте тұр. 

Бұған дейін Словакия елде пайдаланылмай қалған ресейлік вакцинаны Балқан елдеріне сатуды немесе сыйға тартуды ұйғарғанын еді.

Словакияның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, халық ұсынылған вакцинаның қай қайсын болсын егуге құлықсыз. Вакцина алып жатқан адамдардың көбі -  40-44 жас аралығындағылар.

   

Өзгелердің жаңалығы