Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ресей СІМ-і Соловьевтің арандатушылық мәлімдемелеріне пікір білдірді

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 14:31
515
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Мәскеудің ТМД елдеріне қатысты саясатына пікір білдіре отырып, ресми тұлғалардың мәлімдемелеріне сүйеніп, істің мәніне қарауға және фейк ақпараттарға ермеуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол журналист Владимир Соловьев жүргізген бағдарламалардың бірінде айтылған сөздерге қатысты сұраққа жауап бере отырып, ресми ұстаным тек уәкілетті тұлғалар арқылы айтылатынын атап өтті.

Ресми позицияны тек құзыреті бар ресми тұлғалар білдіреді, – деді дипломат брифинг барысында.

Захарованың айтуынша, Ресейдің Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасына қатысты ұстанымы жоғары деңгейде бірнеше мәрте айтылған және ол серіктестік пен өзара құрметке негізделген.

Біздің елімізді Орталық Азия халықтарымен тарихи тұрғыда тату көршілік, стратегиялық әріптестік, одақтастық, бауырластық достық пен ынтымақтастық байланыстар жалғап келеді. Бұл қатынастардың тұрақты дамуына достас мемлекеттер басшылары арасындағы өзара сыйластық пен сенімге негізделген жеке байланыстар себеп болып отыр, – деді ол.

Дипломат мұндай тұжырымдардың келіссөздерде, саммиттерде және басқа да ресми іс-шараларда "сан мәрте" айтылғанын жеткізді.

Сондай-ақ Захарова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясындағы тұрақты өзара іс-қимылға назар аударып, қауіпсіздік мәселелері дәл осы алаңдарда талқыланатынын айтты.

Аймақтағы қауіпсіздік мәселелерін дәл осы құрылымдар мен оларды басқаратын тұлғалар, сондай-ақ сол жерде жұмыс істейтін көптеген сарапшылар талқылайды, – деді ол.

Сонымен қатар Захарова Соловьевтің сөзі риторикалық сұрақ болуы мүмкін екенін, алайда кейбір комментаторлар оны Мәскеудің ресми ұстанымы ретінде көрсеткенін айтады.

Мен келтірілген дәйексөздерді оқыдым. Олар арандатушылық сипатта ұсынылып, тіпті Ресейдің ресми позициясы секілді көрсетілген. Бұл - мүлде жол беруге болмайтын жағдай, – дейді СІМ өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі «Владимир Соловьевпен» бағдарламасына қатысты пікір білдірген еді.

Өзгелердің жаңалығы