Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің жоғары оқу орнының бірінші курсына түскен шетелдіктер қыркүйектен бастап елге кіре алады. Бұл туралы РФ Ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков айтты, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
Біз қыркүйекте бірінші курс студенттеріне мүмкіндік бергелі отырмыз... Олар Ресей Федерациясына белгіленген алгоритм бойынша келе алады. Бұл тек шекарасы ашылған мемлекеттерге қатысты, - деді Фальков «Единая Россия» фракциясы президиумының отырысында.
Министр көптеген шетел азаматының, оның ішінде студенттердің ірі қалаларға келуі коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне ықпал еткенін атап өтті.