Ресей Қазақстан арқылы Өзбекстанға газ тасымалдайды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатыр. Келіссөз конструктивті түрде өтуде. Нәтижесін сіздерге хабарлаймыз, - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңаөзендіктердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазгидрометтің болжамы бойынша биылғы жаз мезгілі жылдағыдан ыстық әрі құрғақ болатынын айтты. Табиғи өрттерге қарсы дайындық шаралары талапқа сай емес екенін ескертті.