Қазіргі сәтте Ресей мен Украина арасында атысты тоқтату мен жерді бөлісу туралы келіссөз жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.
РИА Новости таратқан мәліметке сүйенсек, Трамп журналистерге Ақ үйде Ресей мен Украина арасында белсенді келіссөз жүргізіліп жатқанын айтқан.
Бұл мәселе дәл қазір талқыланып жатыр. Сөз жерді бөлу туралы болып отыр, - деді ол.
Америка президенті атысты тоқтатуға майданның кейбір бөліктерінде қол жеткізілгенін алға тартты.
Бүгінгі таңда мұның барлығы жақсы сақталып отыр, - дейді Трамп.
Бұған дейін АҚШ "Украина мен Ресей арасында" жанама келіссөздерді ұйымдастыратыны туралы сөз қозғалған болатын.