Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөздің қашан өтетіні белгілі болды

22 Шілде 2025, 01:29
786
Бөлісу:
 Thomas Peter / Reuters
Фото: Thomas Peter / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мен Украина делегацияларының кезекті келіссөзі 23 шілдеге жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл кездесу Түркияда өтпек. Президент бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Рүстем Умеровпен келіссөздер барысында хабардар болғанын атап өтті.

Бүгін мен Рүстем Умеровпен тұтқындармен алмасу және Түркиядағы Ресей тарапымен тағы бір кездесуге дайындық мәселесін талқыладым. Умеров кездесу сәрсенбіге жоспарланғанын айтты. Толығырақ ақпарат ертең жарияланады, - деді Зеленский өзінің бейнеүндеуінде.

Бұған дейін Зеленский Telegram-арнасында Умеровтың Ыстамбұлда өткен келіссөздер кезінде Ресейге жаңа кездесу өткізу туралы ұсыныс білдіргенін де айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы