Ресей мен Украина 175 әскери тұтқыннан алмасты

Ресей мен Украина әрқайсысы 175 әскери тұтқыннан айырбастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 Наурыз 2025 2025, 20:43
 Telegram/Zelenskiy 21 Наурыз 2025 2025, 20:43
21 Наурыз 2025 2025, 20:43
1659
Фото: Telegram/Zelenskiy

Ресей мен Украина әрқайсысы 175 әскери тұтқыннан айырбастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресейлік сарбаздар Беларусь аумағында, оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, жақындарымен байланысуға мүмкіндік берілді. Кейін олар Ресейге оралып, реабилитациядан өтеді. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл туралы арнайы бейнеролик жариялады (ВКонтакте әлеуметтік желісінде).

Киевке 22 ауыр жараланған украин сарбазы қайтарылды. Олар шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған. Украина президенті Владимир Зеленский бұл алмасуды “соңғы уақыттағы ең ірілердің бірі” деп атап, барлық сарбаздарға жедел медициналық және психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Мәліметтерге сәйкес, алмасу процесіне Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) делдалдық жасаған. Бұл мәселе 18 наурызда Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың телефон арқылы сөйлесуінде талқыланған.

Наверх