Ресей мен АҚШ арасындағы жабық келіссөздер басталды

24 Наурыз 2025, 13:19
1366
Бөлісу:
Ресей мен АҚШ арасындағы жабық келіссөздер басталды

Сауд Арабиясында Ресей-Америка келіссөзі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.

Отырыс жабық форматта өтеді. Сауд Арабиясының мемлекеттік қауіпсіздік қызметі журналистерден Ritz-Carlton қонақүйінен шығуды сұрады.

Келіссөздерге Ресей тарапынан Федерация кеңесі халықаралық комитетінің басшысы Григорий Карасин мен ФСБ директорының кеңесшісі Сергей Беседа қатысуда.

Диалог Қара теңіз бастамасы тақырыбына арналады. Кремль кездесуде Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты басқа да аспектілер талқылануы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Айта кетейік, бұған дейін Вашингтон делегациясы Эр-Риядта құрамына Владимир Зеленский кеңсесі басшысының орынбасары Павел Палиса және Украина Қарулы күштері бас штабының бұрынғы бастығы, қазіргі Украина Қорғаныс министрлігінің бас инспекторы Анатолий Баргилевич енген Киев делегациясымен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы