Ресей мұрағатынан Сәкен Сейфуллинге қатысты құнды құжаттар табылды

11 Қыркүйек 2019, 00:28
2447
Бөлісу:
Ресей мұрағатынан Сәкен Сейфуллинге қатысты құнды құжаттар табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық ғалымдар Ресей мұрағатынан Сәкен Сейфуллинге қатысты құнды құжаттар тапты, деп хабарлайды 24.kz. 

1913-1916 жылдары ұлт зиялысының Омбыдағы мұғалімдер семинариясында білім алғаны белгілі. Сол кезде Сәкенге берілген мінездеме енді өзі туған Жаңарқа ауданындағы мұражайдың төрінен орын алады. «Көрнекті ақынның өмір жолын айшықтай түсетін көптеген деректер бар», - дейді тарихшылар. Тағы бір бағалы құжат – Сәкеннің өз қолымен жазған өмірдерегі. Биыл Алаш ардақтысының туғанына 125 жыл. Осыған орай, алдағы сенбі күні «Сәкен Сейфуллин – мемлекеттік тұлға» атты кітап жарық көрмек. Туындыға тың мәліметтер қосу үшін ғылыми экспедиция Ресейге барған болатын. Ғалымдарымыз көрші елден олжалы оралды.

"Мұрағат деректері өте қызықты. Осы үш жылдың ішінде, жалпы алып қарайтын болсақ, Сәкеннің соңынан қудалау сол патша үкіметінен басталған екен. Колчак түрмесіндегі бұрынғы беймәлім мұрағаттарды қарап шықтық. Сол «тар жол, тайғақ кешу» кезеңінде түрмеден қалай қашып шықты, сол кездегі түрменің ішкі жағдайы қандай, осының барлығы осы Омбы мұрағатында сақталған. Бұл яғни, Сәкеннің өмірінің «ақтаңдақ тарихы» дейміз ғой, соның жаңа бір белесі деп айтсақ болады", - деді тарихшы Темірғали Аршабеков.




Өзгелердің жаңалығы