Ресей үкіметі отставкаға кетті

15 Қаңтар 2020, 21:55
2596
Бөлісу:
Ресей үкіметі отставкаға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дмитрий Медведев ел үкіметінің отставкаға кеткенін жариялады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Осындай мәлімдемені Ресей үкіметінің төрағасы Медведев ел президентінің Федералды жиналыстағы жолдауынан кейін жасады. Владимир Путин үкімет мүшелеріне бірлесе атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді, "алайда барлығы ойдағыдай іске аспаған".

Сондай-ақ ол таяуда камбиннің әр мүшесімен кездесетінін айтты. Әзірге олардан өз міндеттерін толыққанды атқаруды сұрады. 

Өзгелердің жаңалығы