Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ресей Иранда сегіз жаңа атом электр станциясын салады

3 Қараша 2025, 02:34
619
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Иран билігі Ресей ел аумағында сегіз жаңа атом электр станциясын салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы Мұхаммед Эслами Tasnim агенттігіне мәлім еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Эсламидің айтуынша, төрт станция Парсы шығанағының жағалауындағы Бушер провинциясында, тағы төртеуі елдің басқа өңірлерінде салынады. Бұған дейін Иран Каспий теңізі маңындағы Голестан провинциясында жаңа атом электр станциясының құрылысын бастаған еді.

Жаңа нысандар іске қосылғаннан кейін Иранның атом энергетикасының жалпы қуаты 20 000 МВт-қа жетеді, – деді шенеунік.

Салыстыру үшін, Росстат деректері бойынша, Ресейдегі барлық атом электр станцияларының жиынтық қуаты – шамамен 28 600 МВт.

Бұған дейін, 26 қыркүйекте, Тегеран мен Мәскеу қуаты 1255 МВт болатын төрт жаңа энергоблок салу жөнінде келісімге келген болатын. Алайда Ресей тарапы әзірге бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы