Ресей халықаралық жарыстардан 2 жылға шеттетілді

18 Желтоқсан 2020, 13:03
2244
Бөлісу:
Ресей халықаралық жарыстардан 2 жылға шеттетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік спортшылар өз елдері атынан алдағы 2 жылда халықаралық жарыстарға қатыса алмайды. Оның ішінде Токио мен Пекинде өтетін Олимпиада ойындары, футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты бар. 

Спорттық арбитраждық сот (CAS) Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Ресейді халықаралық жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдаған. Мәскеудің допингке қарсы лабораториясы базаларды өзгерткен. Алғашында  WADA Ресейді 4 жылға шеттеткен еді. Бірақ CAS жазаны жеңілдетті (2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін)

Ресейлік спортшылар алдағы 2 жылда өтетін Токио және Пекиндегі Олимпиада ойындарында, сондай-ақ 2022 жылы футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысқан жағдайда бейтарап тумен шықпақ. Осы аралықта Ресей бірде-бір халықаралық жарысты өз елдерінде өткізе алмайды. 

Аталмыш шектеулер тек әлем чемпионаттары мен Олимпиадаларға ғана қатысты. Ал Еуро-2020 футбол матчы (ол 2021 жылға ауыстырылған болатын) мен Чемпиондар лигасының финалын өткізуге тыйым салынған жоқ.   

Ресейдің Допингке қарсы агенттігі (РУСАДА) тағы да мәртебесінен айырылды. Одан бөлек, Ресей 2019 жылдың қаңтарынан бастап бұл шешім қабылданғанға дейінгі уақыт аралығында WADA-ға келтірілген шығындардың өтеуі ретінде оған 1 млн 270 мың доллар көлемінде жарна төлеуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы