Ресей Ғарыш станциясынан кетеді

27 Шілде 2022, 20:42
1836
Бөлісу:
Ресей Ғарыш станциясынан кетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей 2024 жылдан кейін Халықаралық ғарыш станциясынан кетеді. 

Бұл туралы жақында тағайындалған «Роскосмос» басшысы Юрий Борисов мәлімдеді. 

Айтуынша, осы уақытқа қарай Ресей өзінің жеке ұлттық орбиталды станциясын құруға кіріседі. Жоба елдің ғарышты игерудегі басты басымдығы болмақ. Халықаралық ғарыш станциясы 1998 жылы іске қосылған. Көлемі футбол алаңындай болатын орталық Жерден 400 шақырымдай биіктікте орналасқан. Оны АҚШ Ресеймен бірге Жапония, Канада және тағы 11 еуропалық ел бірлесіп пайдаланады. 

 Біз Халықаралық ғарыш станциясында бірлесіп жұмыс істейтінімізді білесіздер. Бұған дейін алған міндеттерімізді орындай береміз. Бірақ 2024 жылдан кейін станциядан шығу туралы шешім қабылданды. Осы уақытта Ресей өзінің ұлттық ғарыш станциясын құра бастайды деп ойлаймын,- дейді «Роскосмос»басшысы Юрий Борисов. 

Өзгелердің жаңалығы