Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ресей дрондары Киевке шабуыл жасады

22 Наурыз 2025, 11:11
1311
Бөлісу:
 EADaily
Фото: EADaily

21 наурыз кешінде Ресей әскері Украинаның Запорожье қаласына “Шахед” типті 12 дронымен шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұрғын үйлерге соққы жасалып, өрт шықты, азаматтық инфрақұрылым нысандары қирады. Көпқабатты және жеке үйлер бүлінді.

Соңғы мәліметтер бойынша, үш адам қаза тапты, оның ішінде 14 жастағы қыз бар. Тағы 12 адам жарақат алды.

Бұдан бөлек, Киевте ресейлік дронның қалдықтары Подольск ауданындағы тұрғын үйдің шатырына құлап, өрт басталды. Жалын үш қабатты үйдің үшінші қабатынан мансардалық деңгейге таралды. Өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялады.

Өзгелердің жаңалығы