Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде короновирустық инфекцияға қарсы тағы бір препарат әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігі "Конвасэл" вакцинасын тіркеді. Бұл Санкт-Петербургтегі федералды медициналық-биологиялық агенттіктің вакциналар мен сарысулар ғылыми-зерттеу институтының әзірлемесі.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жод бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Ресей Федерациясының ДСМ тізілімінде көрсетілгендей – "Конвасэл" - бұл SARS-CoV-2 вирусынан туындаған инфекцияның алдын-алуға арналған субъединиттік рекомбинантты вакцина. Препарат бұлшықет ішіне енгізуге арналған эмульсия болып табылады, бір дозаның көлемі — 0,5 мл нұсқаулықта оны 18 жастан 60 жасқа дейінгі адамдарға қолдануға болатындығы көрсетілген. Вакцина 21 күн аралығымен екі рет енгізіледі.
ФМБА жылына 30 миллион “Конвасэл” жиынтығын шығару жоспарланғанын жеткізді. Коронавирустық инфекция пандемиясы көрсеткіштерінің төмендеуі туралы хабарламалар аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис COVID-19 эпидемиясы әлі аяқталған жоқ және жақын арада оның аяқталуын күтудің қажеті жоқ деп мәлімдеді. Ол әлем тек “жолдың ортасында” екенін айтты.
Өздеріңіз білетіндей, пандемия тоқтаған жоқ. Біз осы аптада инфекциялардың қайта күш алғандығын көріп отырмыз. Өкінішке орай, біз 60-тан 70 мыңға дейін өлім-жітім жағдайларын көріп отырмыз. Біз, әрине, пандемияның ортасындамыз, - деді М. Харрис.