Ресей астығы Қазақстан арқылы заңсыз экспортталған

24 Сәуір 2023, 16:20
706
Бөлісу:
Ресей астығы Қазақстан арқылы заңсыз экспортталған
Фото: astanatv.kz

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері кіргізілген астық көлемін төмендетіп, Ресейден автомобиль көлігімен астықтың "сұр" импортымен айналысатын адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар кезеңінде Өзбекстан Республикасына 500 млн теңгеден астам сомаға 4,8 мың тонна көлемінде ресейлік астықты экспорттаған. 

Бұл ретте, аталған астықты экспорттау кезінде халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтару мақсатында, оны қазақстандық тауар ретінде отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактураларын пайдаланып, ол 88 млн теңге мөлшерінде транзиттік тарифтен жалтаруға мүмкіндік берген, – делінген агенттік хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы