19 ақпанда Ресей Федерациясы Саратов әскери институтының ұлттық гвардия әскерінің үшінші курс курсанты Қазақстан Республикасының Ұлттық Гвардиясы әскери қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ arbat.media-ға сілтеме жасай отырып.
"Саратов 24" телеарнасының ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға сағат 19:00 шамасында болған. 19 жастағы ер адамның денесіне оқ тигені анықталды. Бұған дейін сағат 18:00 шамасында курсант Калашников автоматымен кезекшілікке түскен көрінеді.
Қайғылы оқиғаның нақты себебі белгісіз, дегенмен суицид нұсқасы қарастырылып жатыр.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық дерек анықталатын болады, - деп атап өтті Ресей гвардиясының өңірлік басқармасының баспасөз қызметі.