Ресейдің Сыртқы істер министрлігі АҚШ билігіне қатаң мәлімдеме жасап, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын дереу босатуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Венесуэла президенті Н. Мадуро мен оның жұбайының АҚШ аумағында екені туралы расталған мәліметтерге байланысты америкалық басшылықты бұл ұстанымын қайта қарап, егемен мемлекеттің заңды түрде сайланған президенті мен оның жұбайын босатуға табанды түрде шақырамыз, - делінген Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде.
Ресей СІМ өкілдері АҚШ пен Венесуэла арасындағы кез келген келіспеушілік тек дипломатиялық жолмен, диалог пен халықаралық құқық қағидаттарын құрметтеу негізінде шешілуі тиіс екенін де атап өтті.
Ресей тарапы егемен мемлекеттерге қысым көрсетуге және өзге елдердің ішкі істеріне араласуға жол берілмейтінін баса айтып, мұндай әрекеттер жаһандық тұрақтылықтың негізін әлсірететінін мәлімдеді.