Рекорд: Жетісуда 333 сәбидің тұсауы кесілді

Бүгiн, 14:38
510
Бөлісу:
Рекорд: Жетісуда 333 сәбидің тұсауы кесілді
Фото: автордан

Жетісуда бір уақытта 333 сәбидің тұсауы кесілді. Салтанатты оқиға Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Талдықорған қаласында Жастар спорт сарайында 50 бала алғашқы адымын жасады. Одан бөлек іс-шарада аудан-аудандарда 200-ден астам баланың онлайн тұсау кесу рәсімі өтті. Жүздеген халық жиналып, әр сәбидің қадамына қол соқты.

Тұсаукесу рәсімі – ұлттық әдет-ғұрыптарымыздың бір бөлігі ғана емес, ең негізі құралы саналады. Қазақ халқы сол арқылы тамырымызға байланған, тегімізді сақтайтын нақты өмірдің мәнін тапты. Бүгінгі іс-шара соның дәлелі ретінде өңір көлемінде ерекше аталып өтті. Қазақ елінің татутылығын, берекесін нығайтатын осындай іс-шаралар көп болғаны жақсы. Наурыз айы – мейірімнің, мызғымас татулықтың айы. Халықтың бір-бірінен деген риясыз сезімін көріп соны аңдауға болады. Жетісуда жаңа рекорд тіркелді. Барша халықты шын жүректен құттықтаймын. Мереке қуанышымен келе берсін», дейді облыстық Д.Рақышев атындағы филармониясының директоры Самат Жексенбаев.

Айта кетейік, әр ауданнан жүздеген отбасы салтанатты рәсімге қатысып, ақжарма тілегін арнады. Бұл елеулі оқиға республика көлемінде бұрын соңды болмаған оқиға ретінде қалатыны сөзсіз.

Менің ұлымның тұсауын ақын Нүсіпбай Әбдірахым кесті. Ол кісінің өлеңдерін сүйіп оқитын оқырманның бірімін. Бала күнімізде шыққан ктіаптарын жинап, үйге әкелетінбіз. Қаншама рет оқталып өзіне айта алмай жүргем. Өзім көптен ойлап жүрген едім, баламның мықты қаламгер болғанын қалаймын. Сол аталарының жолын беріп, елге тұтқа, ұлттың сөзін сөйлейтін азамат болуын тілеймін. Баламыз алғашқы адымн жасады. Осындай игілікті іске мұрындық болған облыс әкімдігіне алғысымды айтамын», дейді қала тұрғыны Естай Жолбасаров.

Өзгелердің жаңалығы