Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыста жеңіске жетті

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық регбишілер Қырғызстанда халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.</h4>

 7 Мамыр 2021 2021, 01:27
7 Мамыр 2021 2021, 01:27
3238

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық регбишілер Қырғызстанда халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жеңіс күніне арналған халықаралық бәсеке регби-7 бойынша ұйымдастырылды. 

Аталған жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан бірнеше командалар қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстанның қос командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстан құрамасы аталған жарыста қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Алматының «Азияспорт-Динамо» мен Өзбекстан құрамасы арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Жартылай финалдық кездесуде алматылық команда 19:7 есебімен ұтылып жатып, қосымша уақытта 24:19 есебімен жеңісті қарсыласынан жұлып алды. Ал финалда алматылық команда мен Қазақстан құрамасы кездесіп, Қазақстан айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Үшінші орынға өзбекстандық құрама ие болса, Қырғызстан командасы төртінші орыннан көрінді.

Наверх