Регби-7 спортынан олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын құрам анықталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9-11 қараша күндері Қытайдың Гуанджоу қаласында регби-7 спортынан Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді. Азия аймағындағы үздіктерге жолдама ұсынатын жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.&nbsp;&nbsp;</h4>

 7 Қараша 2019 2019, 19:25
7 Қараша 2019 2019, 19:25
8697

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9-11 қараша күндері Қытайдың Гуанджоу қаласында регби-7 спортынан Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді. Азия аймағындағы үздіктерге жолдама ұсынатын жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.  

Қытайдағы іріктеу сынында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды:  Сымбат Жаманқұлова, Анна Яковлева, Лилия Базярук, Людмила Коротких, Нигора Нұрматова, Құндызай Бақтыбаева, Балжан Қойшыбаева, Дарья Ткачева, Вероника Степанова, Диана Әбішева, Карина Проскурина, Алина Аскерова.  

Команда бапкері – Валерий Попов.  

Қазақстан өз тобында Сингапур, Тайланд және Филиппин құрамаларымен кездеседі. 

Наверх