Реформаларды талдау және мониторингілеу орталығы құрылды

6 Ақпан 2020, 10:44
2267
Бөлісу:
Реформаларды талдау және мониторингілеу орталығы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігі жанынан Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығы құрылды.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Президент Әкімшілігі жанынан Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығы құрылды. Мемлекет басшысы мұндай институт құру туралы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Орталыққа Президент Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді. Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді. Орталықтың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.

Өзгелердің жаңалығы