Реформа жүйені өзгерту үшін жасалады – Нұржігіт

19 Мамыр 2022, 15:31
1351
Бөлісу:
Реформа жүйені өзгерту үшін жасалады – Нұржігіт
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат депутаты Дана Нұржігіт AMANAT партиясының «Бір Толқында» пікірталас алаңында өткен жастарға Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өткізудің маңызын түсіндіру барысында айтты.

Ең бастысы - тарихи референдум. Бұған дейін, 90 жылдардың басында болған өзгерістер Парламент арқылы қабылданған болатын. Бұл референдумның өзгешелігі - Парламент қабырғасынан шығып, халық болып дауыс беру. Елімізде болып жатқан реформалық өзгерістер - жүйелік, институционалдық өзгерістер. Реформа реформа үшін емес, жүйені өзгерту үшін жасалады, - деді ол.

Нұржігіт айтқандай, бір үйде үлкен жүйелік өзгеріс жасау үшін, отбасы мүшелерінің кімнің не үшін жауап беретінін анықтап алу керек.

Бүгінгі жағдайды түсініп алып, келесі межеге жүрудің жолын анықтап алу керек. Сондықтан сол жүйені құрамай, реформа жүргізе алмаймыз. Оны жүзеге асыру үшін заңдық негіз керек. Ол заңдық негізін жасау үшін халықтың дауысы, ерік-жігері керек. Ол ерік-жігерді референдумда көрсету керек, - деді Дана Нұржігіт.

Өзгелердің жаңалығы