Референдумнан кейін күзде парламент сайлауын өткізу керек – саясаттанушы

19 Мамыр 2022, 13:21
1393
Бөлісу:
Референдумнан кейін күзде парламент сайлауын өткізу керек – саясаттанушы
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы, экономист Петр Своик референдумнан кейін күзге қарай парламент сайлауын өткізген жөн дейді.

Бүгін  Әлемдік экономика және саясат институтының ұйымдастыруымен «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары: Қазақстанның саяси жүйесінің болашағы»  атты жиын өтті. Жиын барысында саясаттанушылар: "Басқарудың суперпрезиденттік түрінен күшті парламенті бар президентік республикаға ауысу нені білдіреді?" "Президенттің билеуші партияан кетуінің салдары қандай?" "Жүргізіліп жатқан реформалар партия саласының дамуына қалай әсер етеді, қандай партиялық-саяси жобалардың электоралды болашағы зор?" - деген сұрақтар төңірегінде талқылау жүргізді.

Референдумнан кейін күзде парламент сайлауын өткізу керек – саясаттанушы

Саясаттанушы Петр Своик биліктің қазіргі ұстанымы өте белсенді екенін, әсіресе партияларды тіркеуді қолға алса, референдумнан кейін күзде парламент сайлауын өткізуі мүмкін екенін жеткізді.

Алдағы уақытта партияларды тіркеу жеңілдетілмек, сондықтан күзден қалмай парламент сайлауы өтуі мүмкін. Өйткені алдағы уақытқа болжам жасайтын болсақ бізде көптеген мәселе туындауы мүмкін. Азық-түлік бағасы бұрынғыдан да жылдам  2-3 есеге өседі, экономикалық шығын ұлғайып, жұмыссыздар қатары көбейеді. Дәл қазір Қазақстан тұрғындарының орташа күн көрісі 67 мың теңге. Оның ішінде жалақының 53 пайызы тек азыққа жұмсалады. Сондықтан мұндай мәселелер қордаланып, үлкен проблемаға айналады, – деді ол.

Референдумнан кейін күзде парламент сайлауын өткізу керек – саясаттанушы

Оның айтуынша, егер парламент сайлауын өткізбесе, күрделенген жағдай парламенттен шешімді әрекеттерді талап етеді. Ал, қазіргі парламент айтып жатқан өзгерістердің үдесінен шыға алмайды.

Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге санкциялар салынып жатыр. Бізге келетін импорт пен экспорттың басым бөлігі көрші ел арқылы келеді. Күзге қарай бізге мұнайды шығару мен импорт заттарды кіргізудің балама жолын қарастыру мәселесі туындайды. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан президентке осындай мәселелерді еңсере білетін парламент қажет болады, – деді саясаттанушы.

Сонымен қатар ол Еуразиялық экономикалық одақтан шығуды қолдайтын адамдар парламентке келетінін, одан еш қашып құтыла алмайтынымызды айтты.

Алдағы уақытта Еуразиялық одаққа қарсы шығатындар қатары көбейеді. "Өз мүддемізді қорғауымыз керек", деген пікірлер үкімет басындағылардан да айтыла бастайды. Мұндай құбылыс бәрібір орын алады, – деді Своик.

Өзгелердің жаңалығы