Референдумға дайындық күнінен бастап 24 заң бұзу фактісі анықталған

Бүгiн, 14:38
125
Бөлісу:
Референдумға дайындық күнінен бастап 24 заң бұзу фактісі анықталған
Фото: BAQ.KZ архив

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев референдум күні сайлау учаскелері қалай бақыланатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, референдум кезінде учаскелік комиссиялардың мүшелеріне ерекше жауапкершілік жүктелді.

Заңға сәйкес, олардың келесідей әрекеттері жазаланады: азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында бюллетеньдерді беру; Азаматтардың сайлаушылар құқығымен танысуын бұзу немесе дауыстарды санау басталғаннан кейін оларға өзгерістер енгізу; Референдумның қорытындысы жайлы іс әрекеттерге әкімшілік жауап көзделген. Кейбір фактілер үшін қылмыстық жауапкершілік те бар, - деді Жандос Өмірәлиев ОСК-да өткен брифингте.

Өмірәлиев референдумға үгіт-насихат жүргізілгеннен бастап қанша адам заң бұзғанын айтты.

Референдумға қатысу құқығына немесе комиссиялардың жұмысына кедергі жасау, референдум құжаттарын бұрмалау және дауысты дұрыс есептемеуге қатысты қылмыстық жауапқа тартылады. Референдумға дайындық күнінен бастап 24 заң бұзу фактісі анықталған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы