Референдумға 272 шетелдік байқаушы қатысады

31 Мамыр 2022, 04:26
1880
Бөлісу:
Референдумға 272 шетелдік байқаушы қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық референдум комиссиясы халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы үшінші қаулыны қабылдады.

2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан Орталық референдум комиссиясы "2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады, - деп жазылған Орталық сайлау комиссиясы таратқан хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі аккредиттеуге 8 халықаралық ұйым мен 11 шет мемлекеттен 153 байқаушыны ұсынды.

Сағат 18:00-де Орталық референдум комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген республикалық референдумға халықаралық ұйым­дар мен шет мемлекеттердің бай­­қау­шыларын аккредиттеуді аяқта­ды. Қазақстан Республикасының Конс­ти­туциясына өзгерістер мен то­лық­тыру­лар енгізу жөніндегі рес­пуб­ли­калық референдумға 25 шет мемлекет пен 11 халықаралық ұйым­нан 272 байқаушы қатысады. Халық­аралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекетіміздің халық­аралық міндеттемелерді сақ­тауына ықпал ететінін атап өткім келеді. Бұл – халықаралық мін­детте­мелерге адалдығымыздың, сон­дай-ақ сайлау саласындағы халық­аралық ұйымдармен, шет мемлекеттер­мен тығыз ынтымақтастықты жалғас­тыруы­мыздың дәлелі, – деді Н.Әбдіров. 

 

Өзгелердің жаңалығы